«Қыз Тағдыры»

18 қазан 2017 жылы «Айналаңды Нұрландыр» жоба щеңберінде №18 гимназия мектебінде, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және менеджмент кафедрасының басқармасының профессор міндетін атқарушы, п.ғ.к., Қасен Г.А. және 2 курс магистраннтары Ерденова М.Б, Жейнис А.Ж, қолдауы бойынша, Алмалы ауданы мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін аймақтық семинар «Жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу: жаман әдеттерді алдын алу» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Спикер ретінде Kaliya есімімен танымал әнші Ақмаржан Кушербаева шақырылды. Бүгінгі таңда әншінің қалауымен «Қыз Тағдыры» атты әлеуметтік жоба бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. «Қыз Тағдыры» жобасы шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбие беру, дағдарыстық жағдайларда әйелдерді қолдау мәселелері көтерілетін болады.

Басылым күні :  07.11.2017