«Көшбасшы және оның командасы»
2017 жылдың 11-ші қазан күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Көшбасшы және оның командасы» тақырыбында «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттары кішігірім тренинг ұйымдастырды. Бұл іс-шараға «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Тренингтік сабақ барысында теориялық бөліммен қатар практикалық бөлімі қатар жүріп отырды. Яғни, тренингтік сабақ барысында келесідей: «Сіз және сіздің атыңыз», «Көшбасшы - бұл ...», «Мұнара», «Шеңберден шығу», «Гавайиге билет» жаттығулар және де студенттердің көшбасшылық қабілеттерін анықтауға арналған тест жүргізілді. Тақырып сутденттерді қызықтыра алды және сабақ барысында өз белсенділіктерін көрсетті. Сабақ қызықты әрі түсінікті болды.
Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., профессор м.а. Қасен Г.А. және «Педагогика және психология» мамандығының 2-ші курс магистранттары: Болатқызы Т., Тукаева А., Каныбек Ж.