“Тілім менің тірегім”
Қыркүйек айының 22-сі күні “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында “Тілім менің тірегім” атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс шарамыз “Тілім менің тірегім” атты баяндамамен басталды. Ашық тәрбие сағатында студенттер тіл мерекесіне байланысты өлең- шумақтарын арнап, тіліміздің мәртебесі туралы ой-толғау жасады.
Тіліміздің бүгіні және ертеңі жайлы туралы студенттер пікір алмасты. Пікір алмасудың соңы әсем әуенге жалғасты. Студенттер тіл туралы мақал-мәтел , жаңылтпаш, жырлар, әңгімелер айтып “Тілім менің тірегім” деп аталған іс шарамыз жан-жақты талқылау,пікір алмасу,ой бөлісу барысында қойылған мақсатына жетті.
Іс-шараның соңында бүгінгі тәрбие сағатын ұйымдастырушы аға оқытушы Қ.Ж.Бақытқалиевнаның сөзімен қорытындыланып ,естелік суретке түстік.
Басылым күні : 07.11.2017