«Қазақтың дана қызы»

Қазан айының 17-і күні «100 – кітап жобасы» аясында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша «Қазақтың дана қызы» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты әсем әнмен басталды. Әсем әннен соң Ғабит Мүсіреповтің өмірбаяны жайлы бейнематериал көрсетілді, шығармашылығы туралы презентациялық жұмыс қорғалды. «Ұлпан» романы талқыланды, романның басты кейіпкері Ұлпанның тағдыры, қайсарлығы мен даналығы жөнінде ой қозғалды. Студенттер өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңы бүгінгі іс-шараның ұйымдастырушысы куратор-эдвайзер Қ.Б. Жұмабекованың сөзімен қорытындыланып естелік суретке түсті.

Басылым күні :  07.11.2017