«Педагог – Ұлы тұлға...»

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 3 қазанда 2017ж. мұғалімдер күніне орай педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының «5В010300-Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Педагог – Ұлы тұлға...» тақырыбында тәрбиелік іс – шара өтті.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық өзін-өзі жетілдіруді дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстанымдарын дамыту болды.

Студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды және оқытушылар мен бірінші курс студенттері арасында интеллектуалдық викторина өткізді. Тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде, қызықты және мазмұнды өтті.

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Шужебаева А.И., аға оқытушылары Мухатаева Д.И., Ельбаева З.У., «5В010300-Педагогика және психология», «5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі» тану мамандығының 1 курс студентттері.

Басылым күні :  07.11.2017