«Дәстүрлі мұра–ұлт келбеті»
Қыркүйек айының 22-сі күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Дәстүрлі мұра–ұлт келбеті» тақырыбы бойынша тәрбиелік іс-шара куратор-эдвайзер Жұмабекова Қ.Б және кафедра оқытушысы Абдуллаева П.Т-ның қатысуымен өтті. Тәрбиелік іс-шара барысында,қазақ халқының ұлттық салт –дәстүріне байланысты қысқаша мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы оюлы кестелермен,төсеніштердің жасалуы жайлы қызықты ақпараттармен таныстық. Шара барысында, студенттердің өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетті. Студенттермен өткен еркін пікір алмасу әсем әнмен өз жалғасын тапты.
«Дәстүрлі мұра–ұлт келбеті» тақырыпта өткізілген тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді ат салысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Бүгінгі тәрбиелік іс-шара ұйымдастырушы куратор- эдвайзер Қ.Б Жұмабекованың сөзімен қорытындыланып, естелік суретке түсті.
Ұйымдастырушылар:
куратор-эдвайзер Жұмабекова Қ.Б
Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану
мамандығының 4-курс ,2-топ студенттері