«Күз кереметі»
2017 жылдың 12-ші қазан күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Күз кереметі» тақырыбында «педагогика және психология» мамандығының» 2 курс магистранты Болатқызы Т. Және «педагогика және психолгия» мамандығының 3 курс студенттері көрме ұйымдастырды. Көрмені факультетіміздің әрбір студенті, оқытушылары және қонақтары тамашалай алды. Көрмеге студенттердің өз қолдарымен жасалған экибаналар, суреттер,.түрлі әсем заттар қойылды. Көрме өте қызықты әрі әсерлі болды. «Күз кереметі» көрмесінде күздің ғажайыптарын көрсете алдық.
Басылым күні : 07.11.2017