«Болашаққа бағдар: Ұлттық жаңғыру»

Сәуір айының 27-сі күні « Айналаңды нұрландыр жобасы » аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша « Болашаққа бағдар: Ұлттық жаңғыру »тақырыбында мазмұны терең,  ұлттық мүддеміз бен рухани құндылықтарымызды жандандыруға бағытталған мақаласы жайлы жас оқырмандармен дөңгелек үстел түрінде ашық талқылау жүргізілді. Дөңгелек үстеліміз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы баяндамамен басталды.

Дөңгелек үстел барысында, « Болашаққа бағдар: Ұлттық жаңғыру » мақаласының мақсаты мен мазмұнына талдай жасай отырып, Ұлттық жаңғыру деген ұғымның мәнін ашу, мақаланың басты идеясы - болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу деген Елбасымыздың сөзі талқыға салынды. Сонымен қатар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавтың «Болашаққа бағдар: Ұлтттық жаңғыру» мақаласы жайлы толық мәлімет қамтылған презентациялық жұмыс қорғалды.Бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Ұлттық жаңғыру » мақаласын жан-жақты талқылау барысында қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған пікір алмасу өз мәресіне жетіп,соңында бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Жетекші куратор эдвайзер Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызының сөзімен қортындыланып естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Жетекші куратор эдвайзер Жұмабекова Қ.Б`

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 3-курс студенттері

Басылым күні :  17.05.2017