"Жұмақтың кілті жаныңда"

13 наурыз 2017 жылы философия және саясаттану факультетінің акат залында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Жұмақтың кілті жаныңда" атты тренинг өтті. Тренинг мақсаты - ата-ананы құрметтеуге, қадірлеп сыйлауға, ата-ана алдындағы борышты өтеуге насихаттау. Тренинг барысында видеоролик көрсетіліп, тыныштық сәті жүргізілді. Студенттер ата-ана жайында ұлағатты сөздердің мән мағынасын ашуға тырысты. Тренинг соңында барлығы "Ана" әнін шырқады.

Ұйымдастырушылар: педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Каденов Е.Т. және студент Жанбыр Ж.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/IMG%2d20170308%2dWA0051.jpg?id=14937352970000000160;0;9&mode=attachment&channel=&rid=838560160130766856812474237813820995624

Басылым күні :  03.05.2017