«Менің кәсібім – менің таңдауым!»
2017 жылдың 20 сәуір күні «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында Алматы қаласындағы 155 жалпы білім беру мектебінде педагогика және психология мамандығының 4 курс студенттері Құдайбергенова Камшат пен Елеуова Гулайна және 9 сынып оқушылары қатысқан «Менің кәсібім – менің таңдауым!» тақырыбында іс-шара өтті. Іс -шараның мақсаты - өзіндік кәсіби потенциал жайлы дұрыс көзқарас қалыптастыру, қазіргі еңбек нарығының ерекшеліктерімен, кәсіп ережелері мен оған жету жолдарымен таныстыру, білім алушылардың оқу бағытын өздері саналы түрде таңдауға көмектесу.
Тренинг балалардың қызығушылықтары мен қаблеттерін анықтауға, олардың қай салада жұмыс жасауға бейім екендіктерін түсінуге көмектесті. Тренинг бағдарламасына іскерлік ойындар, арт-терапияны қолданылуымен жаттығулар, диагностика кірді және аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі жайлы ақпарат берілді.