«Наурыз шақырады - «ЛОГОС» құттықтайды»

2017 жылдың 18 сауір күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, ЛОГОС студенттік ғылыми қоғамның белсенділері, «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Наурыз шақырады - «ЛОГОС» құттықтайды» атты мерекелік кеш өткізді.  

Іс-шараның мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдері мен толеранттылығын қалыптастыру, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту.

Концерттік бағдарламаға барлық студенттер белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерімен мерекелік кештің сәнін келтірді. Мерекелік кешке әр ұлттың арнайы қонақтары өздерінің қонақ кәделерімен келді.

Қорытынды кезеңде, ЛОГОС СҒҚ аға буындары, бітіруші түлектер кафедра оқытуышлары мен өздерінен кейінгі студенттерге жүрекжарды тілектерін арнады.

Басылым күні :  02.05.2017