«Адамның қарым-қатынас дағдыларын дамыту»

«Aйналаңды нұрландыр» жоба шеңберінде 2017 жылдың 2-сәуірінде КММ «№83 Гимназияда» п.ғ.к., педагогика және білім менеджменті кафедрасының доценті Анарбек Н.А. және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 курс магистранты Самадин А.Н. «Адамның қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту элементтерімен тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты - оқушыларда қарым-қатынас қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру және қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Іс-шара ойын әдістерін және оқытудың дискуссия, тренинг элементтерін пайдалану арқылы әңгімелесу түрінде өткізілді.

Іс-шараға «№83 Гимназияның» 5-сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар қарым-қатынас жасаудың жолдарымен танысып, тиімді және қауіпсіз байланыс негіздерін үйренді.

Басылым күні :  02.05.2017