«Біз және әлеуметтік желі»

Әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алды деудің өзі қиын болып тұр. Еңкейген баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілердің құлы болды. Қазіргі кезде бәрі үшін әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады.

«Техниканың жетілгені сонша, адамның да қажеті болмайды», - деп Е.Лец айтып көрсеткендей, адамдардың қарым-қатынас жасауына неғұрлым көп мүмкіндік берілгенімен, олар бір-бірімен аз кездесетін болды. «Әлеуметтік желілер адамдарды жақындастырғаннан гөрі алыстата бастады», - деуге болады. Осыдан туатын тәуелділік, адамдардың шынайы қарым-қатынастан виртуалды байланысқа әуестігімен сипатталады.

Осы тақырып аясында жасөспірімдердің денсаулығына әлеуметтік желілердің зияндылығы туралы студенттерді ақпараттандыру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Угиверситетінде 21 сәуір 2017 жылы №9 жатақхана студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педгогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессор м.а. Қасен Г.А. басшылығымен «Біз және әлеуметтік желі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел әлеуметтік желілер, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері, қазіргі заманғы адам денсаулығы мен өміріне әсерін түсіндіруге арналған болатын. Алдын ала дайындалған видеоүзінді мен презентация негізінде студенттердің білімдері толықтырыла түсті. Өзара талқылау негізінде студенттер өздерінің әлеуметтік желілерге көзқарасын білдіре отырып, өзіндік түсініктерімен бөлісті, сонымен бірге дауысқа сала отырып, олардың қазіргі заманның негізгі проблемасы болып отырған әлеуметтік желілерге деген шынайы көзқарастары белгіленді. Барлығы үшін әлеуметтік желі қарым-қатынас жасау құралы, бос уақытты өткізу мен ақпараттың көзі болып табылатыны және барлығы да онлайн-қатынастың тәуелділікке алып келетінін түсінетіні анықталды.

Осылардың негізінде, қорытынды сөз ретінде «Әлеуметтік желі, расымен де жастар үшін зиянды болып табылады, алайда әрбір адам қоғамдағы жаңалықтан өзіне тек пайдалы, қажетті, танымдық ақпаратты ғана ала білуі керек және де уақыттың қадіріне жете білу маңызды», - екендігі айтылды.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/%d0%be%d0%b1%d1%898.jpg?id=14935726140000000235;0;9&mode=attachment&channel=&rid=82565212411420745568127474001191077022

Басылым күні :  02.05.2017