«Қазіргі ұялы телефонның адам өміріне әсері»

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса , таң қалуға болмайды. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Ұялы телефондардың пайда болуын техникалық прогрестегі революция деуге болады. Бірақ, кез келген техникалық прогресс пайдасымен қатар зиянын да тигізеді. Ұялы телефонның зияны ең бірінші денсаулыққа әсер етеді.

Осы себепті де жасөспірімдердің денсаулығына ұялы телефонның зияны туралы ақпараттандыру мақсатында Алматы қаласы №55 мектебінде 25 сәуір 2017 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педгогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессор м.а. Қасен Г.А. басшылығымен «Қазіргі ұялы телефонның адам өміріне әсері», тақырыбында тәрбиелік іс – шара өткізілді. Тәрбиелік шараның басында оқушылардың ұялы телефонды пайдалануға байланысты ақпараттану деңгейі сауалнама негізінде зерттелді. Презентация көмегімен оқушыларға ұялы телефонға қатысты көптеген мәліметтер беріле отырып, олардың өзіндік ой-пікірлері ой-талқы негізінде анықталды.

            Қорытынды ретінде оқушыларға ұялы телефондарды қолдану бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді:

-          Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.

-          Сөйлесуді SMS қызметіне не динамик арқылы дауыстық байланысқа алмастыруға тырысқан жөн.

-          Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.

-          Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf%201.jpg?id=14935727010000000849;0;1&mode=attachment&channel=&rid=1511377219248248608148310530097162785

Басылым күні :  02.05.2017