"Сурет өнерінің құралдары арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру"
05.04.2017жылы "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Педагогика және психология" мамандығының 4 курс студенттерімен "Сурет өнерінің құралдары арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінде тәрбиелік шара өтті. Іс-шара барысында танымал шетелдік және отандық суретшілердің сурет жинақтары, беделді материалдары қарастырылды. Адам мәдениетінің қалыптасу сұрақтары қарастырылды. Көркем өнер құралдарының көмегімен эстетикалық тәрбиені дамытудың өзекті мәселелері қызу талқыланды.
Ұйымдастырушылар: п.ғ.д., профессор Мынбаева А.К., 4 курс студенттері Жусупова А. және Гумерова А.
Басылым күні : 29.04.2017