«Стресспен күресудегі креативтілік»

7 сәуір 2017ж. «Айналаңды нұрланды» жобасы аясында «Стресспен күресудегі креативтілік» тақырыбында тәрбиелік шара өтілді (ХҚФ, 117 ауд.). Жүргізуші 4 студенті Серикова К. Тәрбиелік шара "Педагогика және психология" мамандығының студенттеріне арналды. Іс-шара барысында креативтілік, стресс және стресске төзімділік, ұғымдарына анықтама беріліп, стресске төзімділікті арттыруға арналған жаттығулар жасалып, креативтілік деңгейін анықтауға байланысты диагностика әдістемелері және стресске төзімділіктегі өзін-өзі бағалауға арналған әдістеме жүргізілді.
Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., профессор Мынбаева А.К., п.ғ.к.,доцент Пузикова С.М., "Педагогика және психология" мамандығының 4 курс студенті Серикова К.

Басылым күні :  29.04.2017