Локус – бақылау, немесе өз өмірі үшін қалай жауапкершілік танытуға болады

2017 жылы 13 наурызда ФжСФ 517 ауд. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған «Локус- бақылау, немесе өз өмірі үшін қалай жауапкершілік танытуға болады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында локус-бақылаудың түрлері, шешім қабылдау стратегиялары, өз өмірі үшін жауапкершілік алудың мәні қарастырылды. Сондай-ақ студенттердің қызықты талқылауына түскен ынталандырушылық видеоматериалдар көрсетілді; сауатты мақсат құру және оған қол жеткізуге арналған жаттығулар жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Мынбаева А.К., «Педагогика және психология» мамандығынығ 4 курс студенті Камиля Серикова. Тәрбиелік іс-шараға топ эдвайзері доцент Садвакасова З.М. қатысты.

Басылым күні :  15.04.2017