Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлерімен кездесу

Бүгін, яғни, 25.02.2017 жылғы сағат 8.00-10.00 аралығында әл-Фараби атындағы ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Айтбаева Айгүлім ханымның, оқытушы Каденов Ерболаттың ұйымдастыруымен және "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының 2-3 курс студенттерінің қатысуымен арнайы педагогика курсының бір бөлімі тифлопедагогика, яғни, зағип және нашар көретін балаларды оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері мен әдістемелеріне арналған ғылыми-практикалық тренинг сабағы өткізілді. Тренингке Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен ғылыми қызметкерлері - Алмас Мырзабеков, Жансая Медиярова және Торғын Мұхановалар қатысты.

Студенттер аудиториядағы алған теориялық білімдеріне практикалық тұрғыдан - "көзбен көріп, қолмен ұстап" - мол тәжірибе жинақтады. Тренинг сабағында студенттерге осы бағыттағы мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оқытуда қолданылатын түрлі әдістемелік құралдар мен қарапайым техникалық жабдықтар, Луи Брайль жүйесі бойынша жасақталған оқу құралдары мен оқулықтар кеңінен таныстырылды. Тренерлер іс-шара соңында тренингтің екіжақты пайдалы болғанын, үлкен студенттер аудиториясында өз білімдерімен бөлісе алғандықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Студенттер де өз кезегінде өте қызықты тәжірибелік сабақтары үшін әдіскер аға буын әріптестеріне алғыстарын айтты.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/20170225_090313.jpg?id=14882046140000000397;0;4&mode=attachment&channel=&rid=2637569882226830637443961752369676331

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/20170225_100911.jpg?id=14882046140000000397;0;8&mode=attachment&channel=&rid=908566962135118629236003347563208493248

Басылым күні :  03.04.2017