Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арналған ойтолғау сағаты

 Ақпан айының 22-і күні «100-кітап жобасы» аясында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арналған тәрбиелік сағат өткізілді.

Іс-шара Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолына арналған баяндамамен басталды. Баяндамадан соң Бауыржан Момышұлының шығармашылығы жайлы презентациялық жұмыс қорғалды. Кеш қазақ халқының аңызына айналған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арналған ойталқымен жалғасты. Кеш барысында студенттерге Бауыржан Момышұлының өмір жолы жайлы сұрақтар қойылып, талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараның соңы бүгінгі кештің ұйымдастырушы куратор-эдвайзер:  Қ. Б. Жұмабекованың сөзімен қортындыланып, естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Куратор-эдвайзер: Жұмабекова Қ. Б.

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 3-курс студенттері

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/IMG%2d20170222%2dWA0093.jpg?id=14938055780000000437;0;2;0;7&mode=attachment&channel=&rid=1670137638303832627141199723992788120020

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/IMG%2d20170222%2dWA0133.jpg?id=14938055780000000437;0;2;0;9&mode=attachment&channel=&rid=2889240984403416983047360402925157830

Басылым күні :  03.04.2017