« ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы»

13.02.2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Жумабекова К.Б. «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында « ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кіріспе бөлім студенттерге жолдау туралы ақпарат беруден, тақырыптың өзектілігін баяндаудан тұрды. Дөңгелек үстел жыл сайынғы Президент Жолдауларына талдау жасаудан басталды. Соңғы бесжылдықтағы 2012-2017 жылдардағы Жолдауларда берілген білім беру саласындағы басым бағыттары талданды.

Негізгі бөлімде студенттермен пікір алмасып, білім беру саясатының қазіргі жай-күйі, «Болашақ» бағдарламасы, «Үш тұғырлы тіл» саясаты жайлы пікір талас болды. Қысқаша видеороликтер көрсетілді.

Қорытынды бөлімде, студенттерге Қазақстанның болашағы – жастар, біздер екендігі, Елбасының Қазақстан жастарына аса зор жауапкершілік пен міндет жүктейтінін атап айтып, ізгі тілектер айтылды.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/IMG%2d20170213%2dWA0058.jpg?id=14891365990000000067;0;4&mode=attachment&channel=&rid=54555113611146581351441189502317327203

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/IMG%2d20170213%2dWA0050.jpg?id=14891365990000000067;0;12&mode=attachment&channel=&rid=1496803122261670240834945722213989776591

Басылым күні :  03.04.2017