«Жетістікке жету кілті өз қолыңда!»

03.03.2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, 5B010300 «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «Жетістікке жету кілті өз қолыңда!» атты тақырыбында бейіндік мектеп оқушыларына арналған мастер-класс сағатын өткізді.

Мастер-класс сағаты «сәлемдесу» тренингінен басталды. Кіріспе бөлім балаларға қысқаша видео-ролик көрсетіп, адам жетістікке жету үшін қандай болу керек екендігі жайлы ақпарат беруден және тақырыптың өзектілігін баяндаудан тұрды. Негізгі бөлімде біз тұлғаның өмір сүру барысындағы оқудағы жетістік жайлы және өмірде сүрініп жетістікке жеткен ұлы тұлғалар жайлы әңгімелестік.

Мастер-класс сағаты құрамына тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар ойын-жаттығулар да кірді. Ойын-жаттығулар ретінде тақырыпқа сәйкес әр түрлі ойындар мен әдістер таңдалып алынды. Диагностикалық әдістемелер жүргізілген соң, нәтижелері талданды.

Сыныптағы оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған ойын-жаттығулар жүргізілді. Балалар белсенді атсалысып, өздерін әр қырларынан көресетіп, өз ойларын білдіріп отырды. Жаттығу барысында балалар өздерінің басқалардан ерекшелейтін жақсы қасиеттерін , бос уақытында айналысатын сүйікті істері мен алға қойған мақсаттары жайлы сөз қозғады.

Балаларға : «Адам жетістікке жету үшін қандай болу керек?» деген сауалдар қою арқылы ойларын айтты. Содан соң жетістік жайлы шағын видео-ролик көрсетілді.

Қорытынды бөлімде, балаларға бәрі тек өзіміздің қолымызда екендігі жайлы, уақытымызды босқа жоғалтпай, мүмкіндіктерімізді жіберіп алмай, кездесетін қиындықтарға қарамастан өзіміздің мақсатымыздан бас тартпай тек алға жүріп қана жетістікке жете алатынымызға, аңсаған армандарын нақты мақсатқа айналдыру керек екендігі жайлы айтылып, үзінді видео-ролик көрсетілді. Балаларға өздері қалаған нәтижеге қол жеткізулеріне тілектесіп мастер-класс сағатымызды аяқтадық.

Ұйымдастырушы: Қасен Г.А.

Басылым күні :  03.04.2017