ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

2016 жылдың 9 қазанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында          № 9 Студенттер үйінде "ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ" атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерді Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру, басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Іс- шара да тақырыптық түрлі ойындар, ситуациялық сұрақтар, ой толғау жүргізілді. «Әлеуметтік педагогика және өзін –өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері белсенді қатыстырылды.

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қасымова Р.С. , ӘП ж/е ӨӨТ мамандығының 2 курс магистранты

Нұрланқызы Нұрайым

Басылым күні :  03.04.2017