АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ – АЙДЫННЫҢ ТҰНЫҒЫ

2016 жылдың 8 қазанында №9 Студенттер үйінің Акт залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында белгілі әнші-сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шөбересі Бұлан Жамбылмен «АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ – АЙДЫННЫҢ ТҰНЫҒЫ» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өткізілді.Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерге көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу, ақын өлеңдерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу. Іс- шарада түрлі сұрақтар, ой толғау жүргізілді. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері, «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қасымова Р.С. , ӘП ж/е ӨӨТ мамандығының 2 курс магистранты Нұрланқызы Нұрайым

Басылым күні :  03.04.2017