«Маскарад»

Үстіміздегі жылдың 5 желтоқсанында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының "Педагогика және психология" және "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының 1 курс студенттерімен "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында арт-технологиялар пайдалану арқылы тренингтік сабақ "Маскарад" ұйымдастырылды. Маскотерапия адамның шынайы бейнесін жасырып, ішкі өзінділігімен үйлесімділік байланысын көрсетуге көмектеседі. Бұл тренинг сабақтың мақсаты бірінші курс студенттерінің білім беру ортасындағы әр түрлі жағдайлардан өту кезіндегі эмоционалды күйлерін қолға алуға үйрету болды. 

Ұйымдастырушылар: профессор Мыңбаева А.Қ., доцент м.а. Н. Анарбек, 2 курс магистранттары Смайлова А., Галимова Н.

Басылым күні :  10.12.2016