«Мәңгілік ел- менің мекенім!»

3.12.2016 күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенттерімен тәрбиелік іс-шара өтті. Куратор –эдвайзер Аринова Б.А. алғашқы құттықтау сөзді алып, студенттерге мол табыстар тіледі. «Мәңгілік ел- менің мекенім!» деп аталған кештің тізгінін магистрант Нұрланқызы Нұрайым жүргізді. Студенттер патриоттық өлеңдер оқыды. Туған елдің тарихына байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., доцент Аринова Б.А. , Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистрант Серікбай А.А.

Басылым күні :  10.12.2016