Эрнест Хемингуэйдің “Шал және теңіз” романы

Қараша айының 25-ші күні “100-кітап жобасы ” аясында шетелдік жазушы Эрнест Хемингуэйдің “Шал және теңіз” романы бойынша балықшы шалдың батырлығы мен айлалы жоспар құруы,батыр іс-әрекеті келешек ұрпаққа үлгі болар деген мақсатта студенттермен ашық сабақ өткіздік.Ашық сабағымыз Эрнест Хемингуэйдің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндамамен басталды.

Ашық сабақ барысында , Эрнест Хемингуэйдің “Шал және теңіз” романына мазмұндық талдау жасай отырып,шығарма тілінің көркемдік ерекшелігіне тоқталу, “Шал және теңіз” романы жайлы толық мәлімет қамтылған презентациялық жұмыс қорғалды.Ашық сабақ Эрнест Хемингуэйдің “Шал және теңіз” романыны желісі бойынша түсірілген киноның қысқаша үзіндісін көрумен өз жалғасын тапты.Бүгінгі Эрнест Хемингуэйдің “Шал және теңіз” романы тақырыбында өткізілген ашық сабаққа қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Ашық сабақ барысында талқыланған пікір мен айтылған өзіндік ойлар өз мәресіне жетіп,соңында ашық сабақты ұйымдастырушы аға оқытушы Қ.Б.Жұмабекованың сөзімен қорытындыланып ,естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар: Аға оқытушы Қ.Б.Жұмабекова

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3- курс студенттері

Басылым күні :  10.12.2016