«Абайдың қара сөздері»

Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 2016 жылдың 3 желтоқсанында Алматы Республикалық спорт мектебінде «100 кітап» жобасы аясында «Абайдың қара сөздері» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға оқушылар және ұстаздар қатысты.  Қазақ әдебиеті пән мұғалімі Амирбекова Б. Абайдың өмірбаяны мен еңбектерін қара сөздеріне тоқталып мәлімет берді.

Іс-шараның қорытындысы ретінде студенттер және ұстаздармен арнайы топтық рефлексия жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.д,  Асанов Н.А. және «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты Темірханова А.Қ

Басылым күні :  10.12.2016