“Сау тіс - әдемі күлкі”

06.12.2016 ж., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен “Дені саудың жаны сау” жобасының аясында “Сау тіс - әдемі күлкі” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранттары мен кафедра оқытушылары қатысты. Тіс күтімі, сау тістерге жету жолы жайлы ақпараттар талқыланып, кеңестер де алынды. Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., доцент м.а.Шағырбаева М.Д., ӘП және ӨӨТ мамандығының 2 курс магистранты Искакова Ж.Г.

Басылым күні :  10.12.2016