"Макулатура өткізейік!"

"Green Campus" жобасы аясында 2016 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 1,2 курс студенттерімен "Макулатура өткізейік!" атты науқан өткізілген. Ол науқан Алматы қаласында жазда басталды. Біз бұл айтулы науқан барлық қала тұрғындарына қызықты әрі пайдалы болады деген сенімдеміз. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Алматы таза калаға айналады., ал бағалы ресурстар құрдан бос жоғалып кетпейді. Біз өз қаламызға қарапайым әрекет арқылы көмектесе аламыз, яғни қоқыстарды тастамай, оны құзырлы орындарға қайта өңдеуге беру арқылы!

Қағаз: офистік қағаз, картон, кітаптар, газеттер, журналдар, қағаз орағыштар.

Шыны: бөтелкелер, банкалар, сынған шынылар.

Пластикалық: пластикалық бөтелкелер, пакеттер және басқа да орамдар.

Металл: алюминийлі банкілер, қара және түсті металдардың сынықтары.

Тоқыма: мақта, мата және жүн.

Қауіпті қалдықтар: сынап шамдар, сынап аспаптары.

Заттар: керексіз, бірақ жарамды (!) заттарды аз қамтылған отбасы балаларына беру.

Техника: компьютерлер, электрондық сынықтары, оргтехника, тұрмыстық техника және тағы басқалар.

Ұйымдастырушылар: Анарбек Н., магистрант А. Ли.

Басылым күні :  10.12.2016