«Жақсы әдет жақсы тәрбие бастауы»

«Дені саудың жаны сау» жобасының аясында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттері №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жеке бастың тазалығын сақтауға арналған «Жақсы әдет жақсы тәрбие бастауы» тақырыбында қайырымдылық шарасын өткізді. Қайырымдылық шарасы барысында балаларға жеке бастың тазалығын сақтаудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы ақпараттар беріліп, әр балаға жеке тұтынуға арналған сыйлықтар тарту етілді. Кездесу «Жүректен жүрекке» форматында жүргізілді.

Басылым күні :  03.12.2016