Қазақстан жолы

2016 жылдың 2 желтоқсанында философия және саясаттану факультетінің 120 аудиториясында "100 кітап" жобасы аясында Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс студенттерімен ҚР Президенті "Қазақстан жолы" шығармасына арналған, ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігі 25 жылдығына орайластырылған тәрбиелік іс-шара болып өтті. Іс-шара мақсаты - ҚР Президенті еңбегімен студенттері таныстыру. Еңбекте елбасымыз жаңа Қазақстанның қиын да жарқын кезеңдерін сипаттаған. Кітап Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің жастарына үндеуі секілді. Сонымен бірге "Тәуелсіз Қазақстан" атты видеоролик көрсетіліп, блиц-ойын ойналды, ал іс-шара соңында Қазақстанның синквей картасымен аяқтады.

Ұйымдастырушылар: Мыңбаева А.Қ., Мамырбекова Г.А. және магистранттар Галимова Н, Смайлова А.

Басылым күні :  03.12.2016