«Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, АНАШЫМ!»

Қараша айының 25-і күні «100-кітап жобасы» аясында «Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, АНАШЫМ!» атты Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Ақ мамам» атты әсем әнмен басталды. Әсем әннен соң Фариза Оңғарсынованың өмір жолына арналған презентациялық жұмыс қорғалды. Қаламы қарымды нәзік ақынның шығармашылығы жайлы баяндама оқылды. Студенттер Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан түрлі өлеңдер оқыды. Кеш барысында студенттерге Фариза ақынның өмір жолы жайлы сұрақтар қойылып, талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңы бүгінгі іс шараның ұйымдастырушы аға оқытушы Е.Т.Каденовтың сөзімен қортындыланып, естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар: оқытушы Е.Т.Каденов, Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандығының 3-курс студенттері

Басылым күні :  02.12.2016