"Өмірлік қиын жағдайларды өткеру" тақырыбындағы тренинг

Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы  22 қараша күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас ұлан» мектебінің 11-сынып ұландарының қатысуымен "Өмірлік қиын жағдайларды өткеру" тақырыбындағы тренинг ұйымдастырылды.Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас ұлан» мектебінің 11-сынып ұландарының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп басшылары,офицерлер және ұстаздар қатысты.

Іс-шараның мақсаты оқушыларға өмірлік қиындық мәселелерді шеше білуге үйрету.

Іс-шараның бастапқы уақытында оқушылармен танысу,ұйымдастыру,аудиторияға жақсы орта қалыптастыру.Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауына және өзін-өзі бағалау. Бірінші болып сөз сөйлеген мектеп басшысы сөз сөйлеп кетті,оқушылардың қабілеттері туралы және сабаққа белсене қатысатыны жайында тәртіптері жайында айтып өтті. «Педагогика және білім беру менеджменті»Педагогика және психология мамандығының 2-курс магистранты Абдуқадыр Шолпан танысу тренингінен «Социограмма жасау жөнінде нұскаулық» жүргізді.Яғни бұл жерде оқушылар өз аттарын айтады сол әріптен басталған әріп бойынша өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.Келесіде оқушыларға тест таратылып берілді тақырыбы «» аяқталғаннан кейін жауаптары (интерпретация) айтылды.«33» және «Кім жылдам» тренингтері жүргізілді.Сабақ өту барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып және талқыға салынды,өз ойларын айтып пікір алмасты.Тренингтерді ұйымдастырушалыр «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттыры Темірханова Ақбота мен Абдуқадыр Шолпан.

Іс-шараның қорытындысы ретінде топтық рефлексия жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: п.ғ.к, доцент м.а. Төлешова Ұ.Б және «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттары.

Басылым күні :  30.11.2016