«Қазақстан білім беруі дамуындағы азаматтық сектордың рөлі және маңызы»

12.11.2016 ж. сағ.10:30 «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранттары А.О. Мұнарбаева, Т.Е. Сұлтанғазы п.ғ.д. профессор А.Қ. Құсайыновтың жетекшілігімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қазақстан білім беруі дамуындағы азаматтық сектордың рөлі және маңызы» тақырыбында А.Қ. Құсайыновтың көшбасшылық дәрісін ұйымдастырды. Дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Нархоз» Университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ, ҚазМемҚызПУ, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, А. Мырзахметов атындағы Көктешау университеті сияқты Қазақстанның жетекші ЖОО және «Өрлеу» ББЖКБАРИ профессорлары мен доценттері, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары шақырылды.

Ұйымдастырылған дәріс барысында мемлекеттегі білім берудің өзекті мәселелері талданды. Көшбасшылық дәріс қарастырылған мәселелердің шешу жолдарын талдау және жалпылаумен аяқталды.

Басылым күні :  21.11.2016