Бірінші курс студентінің бейімделуі

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында 2016 жылдың 18 қарашасында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының бірінші курс "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының студенттеріне арналған "«Miracle - Чудо»" атты арт-терапиялық бейімделу тренингі болып өтті.

Стресстік жағдайдан шығуға қажетті ресурстарға ие болу мен стратегияларды таңдай білу керекті және маңызды. Оның қандай технологиялары бар екенін студенттер тренингте көз жеткізді және келесі кездесуді асыға күтуде.

Ұйымдастырушылар: Мыңбаева А.Қ., Садвакасова З.М. және 2 курс магистранты Смайлова А.

Басылым күні :  21.11.2016