«Біздің ойын» әлеуметтік педагогтар арасындағы ой жарыс

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ф.ғ.к, доцент Ашекеева К.Н. мен әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-ші курс магистранттарының ұйымдастыруымен 19.11.2016 жылы 17.00 – де философия және саясаттану факультеті, 125-ші кабинетте интеллектуалды ойын - әлеуметтік педагогтар арасындағы ой жарыс «Біздің ойын» өтті.

Жүргізушілері Сүлеймен М.М. және Тоқсанбаева Н.Б. тек әлеуметтік педагогикалық емес, әлемде болып жатқан педагогикалық жаңалықтарға сәйкес, логикалық сұрақтар қойып, қазіргі таңғы әлеуметтік педагогтардың жан-жақтылығын тексеріп өтті. Ойынға қатысушылар қазіргі таңда аталып жүрген халық қаһармандары-әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-курс магистранттары.

Қонақтар: әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 1-курс, бакалавр

Басылым күні :  21.11.2016