«MamaFest» фестивалі

06.11.2016 ж. философия және саясаттану факультетінің, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасының аясында «MamaFest» фестивалінде шығармашылық шебер-сыныбын өткізді.

Шебер-сынып аясында оқушылар, ата-аналар шығармашылық жұмыспен айналыса отырып, квиллинг техникасының әдістерімен танысты, қолөнер бұйымдарын дайындап, өз өнімдерін алып кетті. Техниканың оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық мәні талқыланып, қол саусақтарының моторикасына әсері жайлы сөз қозғалды. Атаулы іс-шараға п.ғ.к., доцент, профессор м.а. Қасен Г.А., әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранттары Искакова Ж.Г., Жамалова Т.Б. атсалысты. Шара нәтижелі өтті деген ойдамыз.

Басылым күні :  14.11.2016