«Green campus»

04.11.2016 ж. философия және саясаттану факультетінің, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Green campus» инновациялық жобасының аясында №9 студенттер үйін көгалдандыру шарасын өткізді.

Осы мақсатқа орай, бөлме гүлдерін отырғызып, философия және саясаттану факультетінің студенттер үйіне осылайша тарту еттік. Көгалдандыру барысында гүлдерді күтіп-баптау туралы, сондай-ақ, олардың ағзаға пайдасы, фотосинтез үдерісі, ауаға пайдасы жайлы талқылап, бөлменің сәні мен көркін келтіретін өсімдіктер әлемімен таныс болдық. Атаулы іс-шараға п.ғ.д., профессор Ахметова Г.К. басқаруымен, п.ғ.к., доцент, профессор м.а. Шағырбаева М.Д., педагогика және психология мамандығының 1 курс студенттері, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранты Искакова Ж.Г. атсалысты. Шара нәтижелі өтті деген ойдамыз. Біз, яғни педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, белсенділік танытудан тайынбайтын жандармыз!

Басылым күні :  14.11.2016