"Сенімділік - жетістік кілті"

28 қазан күні сағат 19-30 да № 9 студенттер үйінде "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Сенімділік - жетістік кілті" атты тренинг болып өтті. Тренинг педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Е.Т. Каденов ұйымдастыруымен өтті. Тренинг аудиториясы әр түрлі болды. Олар "әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану", "психология" мамандықтарының 1-3 курс студенттері. Тренинг барысында әр түрлі ойындар, релаксациялық жаттығулар орындалды. Тренинг соңында студенттер жақсы тілектерімен бөлісіп, алған әсерлерін айтты.

Басылым күні :  14.11.2016