«Узнай свои возможности»

Философия және саясаттану факультетінде 4 қараша күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Узнай свои возможности» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шарада «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының докторанттары мен магистранттарының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының 1-4 курс студенттері және магистранттары шақырылды. Іс-шараның мақсаты студенттерге кәсіби қызмет мүмкіндіктерін ашу болды.

Іс-шараның бастапқы сессиясы қатысушылардың тіркелуі болды, тіркелудің басты мақсаты, берілген материалдарды электрондық пошталарына жіберу. Бірінші болып сөз сөйлеген «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының 3 курс докторанты Елбаева Зарина Оразбаевана психология, педагогика-психология, әлеуметтік педагогиканың журналистика және шоу бизнестегі бағыты жайлы айтып өтті. Келесіде «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттыры Мұнарбаева Ақторғын, Кеңесова Малика және Темірханова Ақбота педагогика-психология, психология және әлеуметтік педагогиканың ғылымда, мектепте және де медицинадағы бағыттарын ашып көрсетті. Бұл сессия барысында студенттер өз сұрақтарын қойып және талқыға салынды.

Сессия арасында ұйымдастырушылар кәсіпті таңдау барысы жайлы және түйіндеме құрастыру мен ұжым арасындағы қарым-қатынасқа байланысты тренингтер мен тимбилдинг жүргізді. Тренингтерді ұйымдастырушалыр «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттыры Даутова Жадыра мен Абдуқадыр Шолпан.

Іс-шараның қорытындысы ретінде топтық рефлексия жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: к.п.н. доцент м.а. Мамырбекова Г.А. және «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранттары.

Басылым күні :  10.11.2016