«Қазақ қызының ғұмыры»

Қазан айының 20-сы күні «100-кітап жобасы» аясында Қаламы қарымды жазушы Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша «Қазақ қызының ғұмыры» тақырыбында қазақ қызының даналығы мен даралығы жайлы жас оқырмандармен дөңгелек үстел түрінде ашық талқылау жүргізілді. Дөңгелек үстеліміз Ғ.Мүсіреповтің өмірі жайлы баяндамамен басталды.

Дөңгелек үстел барысында, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігіне тоқталу,басты рөлдегі Ұлпанның тағдырын,ерлігі талқыланды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсіеповтың «Ұлпан» романы жайлы толық мәлімет қамтылған презентациялық жұмыс қорғалды. Ашық пікір алмасу әсем әнмен өз жалғасын тапты. Бүгінгі «Қазақ қызының ғұмыры» тақырыпта өткізілген Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын жан-жақты талқылау барысында қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған пікір алмасу өз мәресіне жетіп,соңында бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырушы аға оқытушы Е.Т.Каденовтың сөзімен қортындыланып естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

Аға-оқытушы Е.Т.Каденов

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандығының 3-курс студенттері

           

Басылым күні :  08.11.2016