«Психологиялық денсаулық: тұлғалық жағымсыз көріністердің алдын алу»

18.10.2016 жылы «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері «Салауатты өмір салты» жобасы аясында ҚазҰУ-нің бейіндік мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Психологиялық денсаулық: тұлғалық жағымсыз көріністердің алдын алу» тақырыбына тренингтік сағат өткізді.

Тренингтік сағат «сәлемдесу» жаттығуынан басталды. Кіріспе бөлім балаларға психологиялық денсаулық туралы ақпарат беруден, тақырыптың өзектілігін баяндаудан тұрды. Негізгі бөлімде біз тұлғаның өмір сүру барысындағы жағымсыз мінез-құлық көріністері жайлы әңгімеледік. Негізінен қарастырылған мәселелер: ата-ана мен бала қарым-қатынасы, жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік-коммуникативті мәселелер, стресс, психологиялық кризис, интернет- аддикция, суицидті мінез-құлық тенденциялары. Диагностикалық әдістемелер ретінде тақырыпқа сәйкес әр түрлі тесттер мен проективті әдістер таңдалып алынды. Диагностикалық әдістемелер жүргізілген соң, нәтижелері талданды. Сыныптағы оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған ойын-жаттығулар жүргізілді. Балалар белсенді атсалысып, өздерін әр қырларынан көресете білді. Жаттығу барысында балалар өздерінің жақсы қасиеттері мен жаман қасиеттері, бос уақытында айналысатын сүйікті істері мен алға қойған мақсаттары жайлы сөз қозғады. Қорытынды бөлімде, балаларға өмірде кездесетін сан түрлі қиындықтардың тек уақытша екендігі, оларды жеңе білу ерік-жігерді қажет ететіндігін, аңсаған армандарын нақты мақсатқа айналдыру керек екендігі жайлы айтылып, М.Мақатаевтың «Шыда» өлеңі оқылды.

Басылым күні :  31.10.2016