КЕРЕМЕТ ҚАЛАМЫЗҒА 1000 ЖЫЛ!

18 қыркүйек күні Тұңғыш Президент паркінде АЛМАfest-2016 болып өтті. "Айналаңды нұрландыр" жобасы мақсатына сай бірінші курс студенттеріне арналған фестке саяхат ұйымдастырылды. Бұл фестивальде бірнеше зоналар болды: заманауи суретшілер жұмыстары, фокусниктердің қызықты орындаулары; шеберлер мен қолөнершілердің туындылары; этникалық және классикалық әуендер. 1 курс студенттері әр түрлі адамдардың өнерімен танысып қана қоймай, сондай-ақ әр түрлі сорттағы алмалардың да дәмдерін татты. Алматы деп қаламыз болқа аталмаса керек...

Ұйымдастырушы: Садвакасова З.М.

Басылым күні :  18.10.2016