«Homo homini LUMEN est»

осындай астарлы тақырыпта философия және саясаттану факультеті, «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранттары п.ғ.к., профессор м.а. Қасен Гүлмира Аманқызының жетекшілігімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Ұстаздар Күніне арналған тамаша іс-шара ұйымдастырды.

Шақырылған қонақтардың басым бөлігі іс-шараның тақырыбына қызығушылық танытты. Құрметті оқырман, бұл латын тілінен аударылғанда «Адам адамға - шырақ» деген мағына береді. Ұйымдастырушылар аталған ойдың мәнін шырақпен билеу арқылы түсіндірді. Бидің мәні әрбір адамның жолына жарық беретін педагогтың болғанын, бар екенін және болатынында. Көрермендердің реакциясынан бидің басты идея мәнін ашқаны және өте жағымды әсер қалдырғаны көрінді. Іс-шараның ерекшелігі ұйымдастырушылар дайындаған бейне-роликте болды. Бейне-роликте оқушылар мен студенттердің «Мұғалім», «Ұстаз» ұғымдары тұралы пікірлерің және де ұстаздарға арналған тілектерің баяндайды. Бұл кейіпкерлер ұйымдастырушы магистранттардың оқушылары мен студенттері еді. Сондай-ақ іс-шарада әртүрлі шығармашылық өнерлер орындалды. Мерекелік іс-шара магистранттардың гитараның сүйемелдеуімен жанды дауыста салған әнімен аяқталды.

Жалпы мерекеден алған әсерді иісі аңқып тұрған, дәмі күш-қуат беретін таңғы кофемен салыстыруға болады.

Басылым күні :  10.10.2016