Кафедра ардагер ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

2016 жылдың 3 қазан айында «Айналанды нұрландыр» жобасы бойынша Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері Мұғалімдер күніне байланысты кафедрамыздың барлық ардагер мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Ардагер мұғалімдер мен қатар доцент Жантекеева Злиман Ұрбосынқызы, доцент Туркпенова Лидия Кенжеқызы және профессор Табылдиев Әдібай Табылдыұлын ескерді. Ардагерлер зор ықыласпен қарсы алды және өмірлік мағынасы бар тілектерін жаудырды, сонымен қатар кеше ғана мектеп бітіріп біздің «Философия және саясаттану» факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттеріне өз сыйлықтарын ұсынды.

Студенттер осындай Қазақстанның білім беруіне риза болды.

Ұйымдастырушылар: мұғалім Отарбаева А.Б. және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері.

Басылым күні :  10.10.2016