«ILLUMINATION» студенттерге арналған креативтілікті дамыту тренингі

4 қазан 2016 жылы сағат 19-30 да № 9 студеттер үйінде "Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясында креативтілікті дамытуға арналған «ILLUMINATION» тренингі болып өтті. Ұйымдастырушылар - педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы профессоры м.а. А.К. Мынбаева, 2 курс магистранттары Галимова Н., Смайлова А.

Тренингтің басты мақсаты - студенттердің креативтілігін дамыту, ойлау икемділігін дамыту, шешім қабылдауға үйрету. Тренингке 1-4 курс студенттері қатысты. Студенттер қызықты жаттығуларды белсенді орындай отырып, өздерінің өнімді және позитивті ойлауларын көрсетті.

Басылым күні :  10.10.2016