«Қарттар күні» мерекесі аясында ардагерлермен кездесу өткізілді

1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Генералды Ассамблеясы өзінің 45-ші сессиясында Халықаралық қарттар күнін жариялады. Аталған мереке Қазақстан мемлекетінде де атап өтілуі дәстүрге айналды. 2016 жылдың 3 қазаны күні Н.А. Анарбектің басқаруымен 2 курс магистранты  А.А.Ли, «Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» мамандығының 1 курса студенттерінің қатысуымен және Алматы қаласы ардагерлер кеңесімен бірлесіп, «Қарттар күні» мерекесі аясында «Айналаңды нұрландыр» атты ардагерлермен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ардагерлердің ұлы ісіне құрмет көрсетіліп, құттықтықтаулармен қатар оларға көмек көрсетілді. Әңгімелесу барысында өмірдің мағынасы, ардагерлердің даналығы жайлы және осы адамдар қандай қиындықтарды бастарынан кешсе де, өмірге деген сүйіспеншіліктерін сақтап өткендері өсіп келе жатқан жастар бойында терең ой ұялатты.

Басылым күні :  10.10.2016