Халықаралық вебинар болып өтті

2016 жылдың 3 маусым күні философия және саясаттану факультетінде (406 ауд) "Тәуекел тобындағы балалармен жұмыстағы арт-технологиялар", "Edu WorkShop «Перезагрузка человеческого капитала: вызовы IV технологического уклада и IV промышленной революции»" тақырыбында халықаралық вебинар болып өтті.

Спикерлер: Мыңбаева А.Қ., Садвакасова З.М., Қасен Г.А. (педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы), Жук М.В. (Сум облыстық ЖОО кейінгі педагогикалық білім беру институты, Украина), Пивень А.Г. (Сум мемлекеттік университеті, Украина), Чечель А.А. (Донецк мемлекеттік басқару университеті, Украина). 

Вебинарға Мариуполь мемлекеттік университеті (Украина) де қатысты. Қазақстан тарапынан "педагогика және психология" , "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының студенттері мен магистранттары, "Логос" ҒСҚ мүшелері қатысты. 

Доцент Садвакасова З.М. арт-технология жөнінде біршама ақпараттар айтып, мастер-класс жүргізді. Үш оқу орнының студенттері бір уақытта "Зентангл" арт-техника тапсырмасын орындады.

Білім беру философиясы кафедрасының меңгерушісі Жук М.В. Давостағы "Болашақ жұмысқа орналасу" Бүкіләлемдік экономикалық форумындағы баяндамасының негізгі идеялары туралы айтты. "2020 жылға қарай Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс адам үшін робот техникасы және автономды транспорт, жасанды интеллект пен машина көмегімен оқыту, жаңа материалдар, биотехнология және геномика әлемін ашады."

Шығармашылық ең сұранысқа ие үш дағдының біреуі болып танылады.

Басылым күні :  06.06.2016