«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Украинамен вебинар

2016 жыл 29 сәуірде Философия және саясаттану факультеті 406 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Сум дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институты және Сум мемлекеттік университетімен бірге (Украина) «Білім берудің заманауи тенденциялары: Z буыны» тақырыбында кезекті вебинар өткізді. Бағдарламада  - Сум дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру облыстық институты философия кафедрасының меңгерушісі М.В. Жук,  Сум мемлекеттік университеті start up орталығының басшысы А. Г.Пивень сөз сөйледі; «Педагогика және психология» мамандығы 3 курс студенттерінің: ««21 ғасырдағы мульфильмдер жайлы көзқарастар  » (М.Даукен), «1 курс студенттерінің университеттегі орта жағдайына бейімделуі жайлы» (А.Гумерова, А.Жусупова), «Мектеп оқушыларының суициалды ниеттерін алдын-алуда арт-технологиялар» (К.Кударбергенова), Сум мемлекеттік университеті студенттерінің-старт-ап компаниясының жетекшілерінің сөзі талданды.

 Ұйымдастырушылар: Педагогика кафедрасы- профессор м.а. Мынбаева А.К., каф.мең. ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Оналбеков Е.С., «Логос» СҒҚ жетекшісі профессор м.а. Қасен Г.А.: Украинадан Жук М. В. (Сум дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру облыстық институты философия кафедрасының меңгерушісі, Украина), Пивень А. Г. (Сум мемлекеттік университеті start up орталығының басшысы, Украина)

Басылым күні :  30.04.2016