«Өмірлік басымдылықтарды таңдау»

2016 ж. 25 қаңтарда " Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында сағат 15:00 №1 облыстық балалар үйінде педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Отарбаева А.Б. және «Эмпатия» ғылыми үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларын қатыстырып тәрбиелік іс-шара өткізілді. Балалар өздерінің қоршаған орта жайлы ақпараттандырылған деңгейін анықтайтын интеллектуалды викторинаға қатысты. Іс-шара бағдарламасында олардың өз өміріне жауапкершілікті қарым-қатынасын қалыптастыратын документалды фильмді көру мен талқылау кіріктірілді. Тәрбиеленушілердің өмірге төзімділігі деңгейін анықтаудың диагностикалық әдістері, шешім қабылдай алушылық пен еріктік сапаларды дамытушы тренингтік жаттығулар жүргізілді. Қорыта келе, бұл кездесу қатысушыларға үлкен пайдасын тигізді деп айта аламыз.

Басылым күні :  14.03.2016